• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Сәуір, 2022

Мемлекеттік органдар кеңсе қағазын сатып алуды қысқартады

353 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова ОКҚ брифингінде Мемлекеттік органдардың алдына кеңсе қағаздары және онымен байланысты шығындарды қысқарту міндеті қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президенттің Жарлығында бекітілгендей, қағаз сатып алуды және онымен байланысты шығыстарды қысқарту қажеттілігіне айырықша көңіл аударылады. Енді бұл шығындар үш есе азаяды. Тұтастай алғанда, Жарлықта көзделген шаралар мемлекеттік органдарды қағазсыз ортаны қамтамасыз етуге ынталандыратын және өзара іс-қимылдың цифрлық форматына көшуге септігін тигізеді», деді А. Шаимова.

Еске сала кетсек, 14 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.