• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 19 Сәуір, 2022

«Каспий» қайта көш бастады

341 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері еліміздің алты қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы тур ойындары өтті.

Турдың орталық ойынында кейінгі екі жылдағы ел чемпиондары – «Тобыл» мен «Қайрат» клубтары кездесіп, аса тартысты өткен бәсекеде командалар тең түсті – 2:2. Екінші таймда «Тобыл» 2:1 есебімен алға шыққанымен, матч соңына дейін жеңісті уысында ұстап тұра алмады. Кездесудің 99-минутында алматылықтар таразы басын теңестіріп кетті. Екі көшбасшы команда ұпай бөліскенін тиімді пайдаланған «Каспий» өз алаңында «Атырауды» жеңіп, турнир кес­тесінде 13 ұпаймен жеке-дара көш бастады.

Сонымен қатар бұл турда биылғы чем­пионаттың дебютанттары –«Мақтаарал» мен «Ақсу» клубтары Түркістанда жолығып, алғашқысы чемпионаттағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді – 2:1. Ал елорданың «Ас­танасы» сырт алаңда «Ақжайықтан» жеңі­ліп, турдың сенсациясын тіркеді – 1:0. Қал­ған ойындардың нәтижесі: «Тараз» – «Шахтер» – 2:1, «Тұран» – «Ордабасы» – 0:0, «Қы­зылжар» – «Ақтөбе» – 1:1.

Ертең басталатын VII турда «Астана» – «Каспий», «Атырау» – «Тобыл», «Орда­басы» – «Қызылжар», «Қайрат» – «Тұран», «Шахтер» – «Ақжайық», «Ақтөбе» – «Мақта­­арал» және «Ақсу» – «Тараз» клубтары кез­деседі.