Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында World Junior Tennis Competition 14&under Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші қыздар D тобында Өзбекстан, Иран және Непал құрамаларымен сынға түсетін болды. Кеше жерлестеріміз Непал теннисшілеріне қарсы алғашқы ойынын өткізді. Ал жалпы іріктеу турнирі 18-23 сәуір аралығында өтеді. Бұл сында ел намысын Ева Корышева (Ақтөбе), Ариана Гогулина (Нұр-Сұлтан) және Сәтима Төреген (Алматы) қорғайды. Команда капитаны – Мұқам Ерматов.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында теннистен Қазақстан қыздар құрамасы Билли Джин Кинг кубогы жолындағы жарыстың іріктеу кезеңінде Германия құрамасынан басым түсіп, тұңғыш рет аталған турнирдің финалына жолдама жеңіп алған еді.