Шри-Ланкада тәртіп сақшылары жаппай шеруге қатысушыларға қарсы атыс қаруын қолданды. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ 12 наразылық білдіруші ауруханаға жеткізілген. Оның екеуінің жағдайы ауыр.
Полицияның хабарлауынша, Рамбуккана қаласындағы қақтығыс кезінде бірнеше тәртіп сақшысы да жараланған.
Наразылық білдірушілер маңызды теміржол торабын ашудан бас тартқан кезде полиция оқ жаудырған.