Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия-Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.
Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен кездеседі.