• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Сәуір, 2022

Алматыда қыз алып қашқандардың әрекеті пранк болып шықты

497 рет
көрсетілді

Алматыда видеоға түсіп қалған қыз алып қашқандардың әрекеті пранк болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.

«Бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», деді ол.

«Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат та анықталып әкімшілік жауапқа тартылды.

«Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», деп атап өтті ведомствадан.