Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды. Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді. Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.