Швейцария екі жыл бұрын, пандемия болмай тұрып қолданыста болған визалық тәртіпке қайта оралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ал қазіргі кіру шектеулері 2 мамырдан бастап жойылады. Осы күннен бастап тұрақты кіру ережелері қолданылады», деді агенттік.
Швейцария 1 сәуірден бастап отандық анти-COVID шараларынан бас тартты. Қоғамдық көліктер мен дүкендерде бетперде режимі алынып тасталды.
Ел тұрғындары мен қонақтары дәмханаларға, мейрамханаларға, театрлар мен мұражайларға емін-еркін бара алады.