• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2022

Елімізде азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған

628 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіші төмендеген.

«Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне - 6,3%, нан және жарма өнімдеріне - 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеді. Былтыр бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2 кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг», деп жазды ведомстводан.

Қала мен ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда, ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтынуда байқалады.

«Азық-түлік өнімдерін тұтыну деректері тұрмыс деңгейіне қарай 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелерімен есептелді», делінген хабарламада.