• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Сәуір, 2022

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты көшелер жабылады

187 рет
көрсетілді

26 сәуірден бастап Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарына арналған қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Потанин даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады.

Осыған байланысты, осы жылдың 26-30 сәуірі аралығында Жеңіс даңғылынан Потанин көшесіне (бұрынғы Алтынсарин көшесі) дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», деді ведомстводағылар.