• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз сабаған ер адам сотталды

282 рет
көрсетілді

Іс Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотта қаралды. Белгілі болғандай, балаға тап берген павлодарлық төбелес кезінде қатты мас болып, не істегенін білмей қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылдың 20 наурызында Қайырбаев көшесінде ер адам 14 жастағы жасөспірімге қасақана дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл деңгейде зиян келтірді. Полиция қызметкерлері ер адамның шынымен де кәмелетке толмаған баланы себепсіз ұстап алып, жұлқылап жатқан бейнежазбаны ұсынды», деді мамандандырылған соттың баспасөз қызметі.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Павлодарлық кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.