• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Сәуір, 2022

Бес өңірде ауа сапасы нашарлайды

133 рет
көрсетілді

Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 сәуірде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.