Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Мюнхен (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге алғашқы айналымда осы жарыстың 1-ракеткалары, Токио Олимпиадасының және 2021 жылғы Уимблдон турнирінің чемпиондары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-франциялық жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Андрей мен Фабрис жалпы жүлде қоры 600 мың еуроға жуықтайтын доданың жартылай финалына шығу үшін сербиялықтар Иван және Матей Шабановтармен таласады.
Аяна Тоғанбек