Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік апаты болып, 71 жастағы жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында болды. «Nissan» көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағыттағы қозғалыс кезінде өтіп бара жатқан көлікпен соқтығысып қалған. Салдарынан автомобиль аударылып кетті.
«Рөлдегі 1951 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сот алды тергеу басталды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.