Нұр-Сұлтан қаласында ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. 2006-2007 ж.т. және одан кіші спортшылар жүзуден бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және эстафета бойынша үздіктер анықталады.Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, сәуірдің 30-да өз мәресіне жетеді. Топ жарған спортшылар аталмыш жарыста өздерінің спорттық разрядтарын арттыруға мүмкіндік алады.
Аяна Тоғанбек