• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Сәуір, 2022

Қазақстанда ҰҚШҰ күштерінің ірі оқу-жаттығуы өтеді

366 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қарулы күштері ҰҚШҰ-ға мүше елдермен оқу-жаттығу өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас штаб бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Хасан Калоевтың басшылығымен өткен алғашқы штабтық келіссөздерге қатысты.

Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері де қатысты.

Талқылауға негіз болған тақырып 2022 жылға бекітілген жоспарға сәйкес Ұйымға мүше елдердің Орталық Азия өңірінде бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу болды.

«Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығу өтеді», делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетінін айта кеткен жөн.

Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.