• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Мамыр, 2022

Қызылжарлық «Қуаныш» Азия чемпионы болды

415 рет
көрсетілді

Кешеден бері Солтүстік Қазақстан облысында ақ түйенің қарны жарылған үлкен қуаныш болып жатыр. Петропавлдың әйелдер арасындағы «Қуаныш» волейбол командасы мамыр мерекелері қарсаңында жерлестеріне аса зор сыйлық жасап, Өскеменде өткен Азия чемпионатында бас бәйгені еншіледі. Финалда олар алаң иелерінің «Алтай» командасын қиын тартыста бесінші торда жеңіп, чемпион атанды деп жазады Egemen.kz тілшісі. 

Айта кететін жайт, «Қуаныш» ешқашан мұндай халықаралық деңгейдегі аренаға шығып көрмеген еді. Енді міне, «келдім, көрдім, жеңдім» болып отыр. Финалға дейін олар Тайланд, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан командаларын жеңді. Енді «Қуаныш» командасы әлемдік клубтар арасындағы чемпионатқа да қатысатын болады.  

Біздің «Қуаныш» волейболдан клубтар арасындағы чемпионатта Азия чемпионы атанған үшінші қазақстандық команда. Бұған дейін Алматының «Рахат» командасы екі рет және Өскеменнің «Алтай» командасы былтыр чемпион болған еді.

Петропавлдықтар жерлестеріне үлкен қуаныш әкелген чемпион қыздарымызды қарсы алуға қызу дайындалып жатыр.