• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2022

Қортпа мекеніне қайта оралды

576 рет
көрсетілді

Каспий теңізіндегі табиғи байлықтың бірі – бекіре тұқымдас бағалы балық. Бес елге ортақ теңіздің қазақстандық секторына жататын сол­түстік бөлігін мекен ететін су маржанының қатарында қортпа да бар.

Балық шаруашылығы коми­те­тінің ресми өкілі Аслан Жеңіс­ұлы­ның айтуынша,  «Амангелді атын­дағы» ЖШС балықшылары­ның то­рына түскен алып қорт­па­ны Кас­пий теңізіне жіберуге шешім қа­был­данды. Салмағы – 197 кило, ұзын­дығы 2 метр 47 см болатын бұл балықты балықшы­лар мемлекеттік тапсырыс аясында аулаған еді.

«Өткен аптада «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының мамандары қортпадан жасанды жолмен 35 кило қара уылдырық алды. Бұл – 1,2 млн дана уылдырық. Зауыт мамандары уылдырықты ұрықтандырып, шабақ кезеңіне дейін инкубациялауға арналған аппараттарға орналастырды. Уыл­дырықтан жетілдірілетін шабақтар алдымен бассейндерде өсіріледі. Кейін табиғи ортаға жіберуге дайын болғанға дейін арнайы тоғандарға ауыстырылады. Шабақтардың орташа салмағы 3 граммды құраған соң табиғи ортаға жіберіледі», дейді Аслан Жеңісұлы.