Грецияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Бірінші жарыс күнінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар өзара мықтыны анықтады.
Қазақстандық Екатерина Алякина жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. Қоссайыс нәтиесі бойынша ол 174 (78+96) ұпайын жинады. Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан намысын қорғайға сегіз спортшы аттанды.