• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2022

Маңғыстауда көлік салығынан жалтарып жүргендер көп

218 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде олардың берешегі 173 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Төлемді өндіру үшін сала мамандары бірлескен рейд өткізді. Әзірге ескерту жасалады. Егер елемей жатса, тұрғындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ауданда 25 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Осы уақытқа дейін 93 млн теңгедей қаражат өндірілді. Маңғыстау облысында былтырдан бері 62 мыңнан астам көлік жүргізуші салық төлемегендер қатарына енгізілді. Олардың қарызы 1 млрд 700 млн теңгеге жетті.

– Жеке тұлғаларға салықтық берешегі туралы хабарлама таратылып жатыр. Электронды қолтаңбасы болса электронды түрде барады, ондай жоқ болса, әр ауылдың әкімшілігі қағаз жүзінде таратып жатыр, ескертіледі. 30 жұмыс күннен кейін салық бұйрығы шығады. Салықтық бұйрық шыққаннан кейін жеке сот орындаушыға жолданады, - деді Мұнайлы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жақсылық Аманғалиев.