Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиаданың кезекті күнінде ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті.
Дзюдо спортынан 81 кило салмақта белдескен отандасымыз бас жүлде үшін өткен финалдық сайыста Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сокты айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ ол жартылай финалда турнирдің басты фавориті саналған франциялық Рафаэль Кубеликаны да жарыс жолынан ығыстырған болатын.
Үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында жеті жүлде (1 алтын, екі күміс, төрт қола) бар. Жерлестеріміз әзірге жалпыкомандалық есепте 12-орында тұр. Көш басында Украина спортшылары келеді – 19-6-13.