Елордада өткен «Yeleu Cup» халықаралық турнирінде ресейлік құрама жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футзалдан әуесқой және кәсіпқой командалар қатысатын жарыс 2002 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Турнир Нұр-Сұлтан қаласында 5 - 8 мамыр аралығында өтті. Оған Қазақстан және көршілес елдерден 16 команда қатысты.
ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, мерейтойлы турнирде Ресейдің «Макушино» командасы топ жарды. Олар финалда елордалық «Сайран» командасын 1:0 есебімен ұтты.
Шараның салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов қатысты.
Аяна Тоғанбек