• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Мамыр, 2022

ҚР Премьер-Министрі Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

312 рет
көрсетілді

Бүгін елордада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайлов сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Келер ұрпақтың көрер жақсылығы мен тартар азабы бүгінгі біз қабылдайтын шешімдерге, дәріптейтін құндылықтарға байланысты болмақ. Сондықтан 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының адамзатқа әкелген зардабын еске алып, боздақтарымыздың майданда төгілген қаны мен ата-әжелеріміздің тылда төгілген маңдай терінің алдында бас иетін қадірлі күн! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш болсын! Ең басты жеңіс – сол!», деді Үкімет басшысы қазақстандықтарға арнаған құттықтауында.

Аяна Тоғанбек