• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Мамыр, 2022

Қарағандыда аттракциондардың бірі істен шықты

288 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының орталық саябағында «америкалық төбешікке» мінген адамдар аттракционның төбесінде тоқтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға Қарағандының орталық саябағында болды. Шағын вагондардың бірі бірнеше метр биіктікте орналасқан рельстерде тұрып қалған. Аттракцион қызметкерлері жолаушыларға тез арада жерге түсуге көмектесті. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

«Оқиға шынымен орын алғанын жасырмаймыз. Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасынан өткендігі туралы сертификат алған барлық аттракциондар аталған оқиғалардың қайталануын болдырмау үшін уақытша тоқтатылады», деп хабарлады Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасынан.

Сондай-ақ, ресми органдар Қарағанды саябақтарындағы аттракциондардың қаншалықты дұрыс жұмыс істейтіндерін тексеруді жоспарлап отыр.

Аяна Тоғанбек