Түркияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген екі қазақстандық спортшының алдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді. Одан кейін 10 мамырда Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті.
Енді В.Хальзова жарыстың алдағы сатысында Оңтүстік Кореядан келген Суджин Сеонмен жекпе-жекке шығады. А.Балқыбекованың ендігі қарсыласы сербиялық Снежана Силикович болады.