Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,03 теңгеге көтеріліп, 442,61 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7-11 мамырдағы ресми бағамы - 434,47 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 441,89 теңге, сатылым - 445,50 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,81 теңгеден сатып алынып, 444,75 теңгеден сатылып жатыр.