• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Мамыр, 2022

Қазақстанда көлік өндірісі 9,4%-ға артқан

1815 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл басынан бері елдегі көлік өндірісінің көлемі 5,8%-ға артқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті. Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Атырау және Жамбыл облыстарында байқалуда», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,4%-ға, оның ішінде компьютер, электронды және оптика құралдар жасаудың – 19,7%-ға, автомобиль жасаудың – 18,6%-ға өсуі байқалды.

Сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,5%-ға, пластмасса бұйымдары – 14,3%-ға, дайын металл бұйымдары – 10,8%-ға, фармацевтика өнімдері – 6,4%-ға, киім өндірісінің – 13,8%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,4%-ға ұлғайды. Салалар бөлінісіндегі өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 16,9%-ды, газ өндіруде – 6,4%-ды, шикі мұнай өндіруде 5%-ды, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 4,2%-ды, металл кендерін өндіруде – 1,8%-ды, көмір өндіруде – 1,7%-ды құрады.

Айта кетсек, жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға жеткен. Нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ға дейін ұлғайған.