• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Мамыр, 2022

Қазақстан аумағында 4,5 балдық жер сілкінісі болды

583 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы – 4,5.

Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Аяна Тоғанбек