ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов шетелге экспортталатын қара металл сынығының көлемі азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тұрар Жолмағамбетов елімізден қанша тонна қара және түсті металл сынығы мен қалдықтары тасымалданғанын айтты.
«Қателеспесем, 2000-шы жылдардағы есеп бойынша жылына 3 млн тоннаға жуық қара металл сынығы елден шығарылатын. Ол жылдары бізде ең басты тұтынушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болатын. 2008 жылдан бері біраз кәсіпорын пайда болып, металл сынықтары мен қалдықтары ішкі нарықта қайта өңделе бастады. Соңғы жылдары бізден 1 млн тоннаға жуық металл қалдықтары шығарылды. Ал қалған 1,5-1,8 млн тоннасы өз елімізде өңделіп жатыр», деп түсіндірді ведомство өкілі.