Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Бахтияр Дүйсенбайұлы Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бахтияр Қожахметов еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.
2007 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түрлі қызметтер атқарды.
2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.
2015ж-«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында «Зерде» ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.