• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Мамыр, 2022

Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

297 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеу әлі аяқталған жоқ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты. Тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды», деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.   Айта кетейік, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты.   Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айып тағылған. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.     Аяна Тоғанбек