• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Мамыр, 2022

Киногерлер ағаш отырғызды

369 рет
көрсетілді

Топырақтың құнарын арттырып, ауаны тазартатын, жазда сая, қыста қамсау болатын көкжелектің қасиеті көктемнен бастап білінеді. Көктемдегі игі дәстүр, қайырлы істің бірі – тал егіп, ағаш отырғызу. Бұрыннан да көрікті жерді көгалдандыра түсіру мақсатымен жақында «Қазақфильм» киностудиясының аумағына еліміздің белгілі киногерлері ағаш отырғызып, сауапты іс жасады.

Іс-шараның ашылу салтанатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орта­лығы» КеАҚ төрағасы Есет­жан Қосыбаев және қазақ ки­носының ардагері, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов сөз сөйледі. Өз сөзінде Ақан Сатаев қазақстандық кино­герлерді біріктіруге бағыт­талған бұл шара міндетті түрде жалғасын табатынын айтты. Ал Есетжан Қосыбаев киностудия басшылығына алғысын білдіріп, қазақ кино­сының өркен жая түсуіне тілек­тестігін білдірді.

Қазақ кинематография­сы­ның дамуына өз үлесін қосып келе жатқан режиссерлер Дәрежан Өмірбаев, Рүс­тем Әбдірашев, Рашид Нұғыманов, Серік Апырымов, Әділхан Ержанов, Фархат Шарипов, Ернар Нұр­ға­лиев, Эля Гильман, Серік­бол Өтепбергенов, Қанат Бейсекеев, актерлер Меруерт Өтекешева, Ерболат Тоғы­за­қов, Байкенже Белбаев, Аль­мира Тұрсын, Шыңғыс Капин, Азамат Сатыбалды, Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұ­ха­меджанова, Төлепберген Байсақалов, Жан Байжанбаев, Айдос Бектеміров, Әнуар Нұр­пейісов, Асқар Ілиясов және өзге де жас әртістер сту­дия аумағына 80 түп ағаш отыр­ғызды. Кино майталмандары желмен діріл қаққан жас шыбықтардың күні ер­тең жапырағы жайқалған діңі қатты, бұтағы мол, биік бәй­теректерге айналатынына сенім білдіріп, тоғайған көңілмен тарқасты.

 

АЛМАТЫ