Есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті. Қазақстан құрамасына «Алматы» спорт клубының 12 спортшысы кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлім етті.
Қазақстан тарихында алғаш рет екі алтынды жекпе-жек грек-рим және еркін стильде палуан Қайратхан Шонку қанжығасына байлады.
Екінші финалист Асылжан Тәжібаев болды. Ол финалда күміс жүлдеге ие болды. Жалпы медальдік есепте Қазақстан 13-орынды иеленді.
Айта кетейік, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен 4500-ден астам спортшы қатысты. Биыл есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті.
Аяна Тоғанбек