• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 16 Мамыр, 2022

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова финалға жолдама алды

251 рет
көрсетілді

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Жайна Шекербекова жартылай финалға шықты. Осылайша 1/2 финалға жолдама алған қазақстандық боксшылардың саны екеуге артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүбірлі додада Жайна Шекербекова (52 келі) Олена Савчукпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілерге жеңген боксшыны қиынға соқты.

Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшының жеңгенін атап өтті. Осылайша Жайна Шекербекова жартылай финалға жолдама алды.