• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2022

Алматыдағы алып мурал

323 рет
көрсетілді

Қасым хан бейнеленген алып картина Алматы қаласындағы Зейнолла Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қиы­­лысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабыр­ғасына салынды.

Ш.Айманов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясының тап­сы­рысы бойынша салынған мурал алыс­тан көз тартады. Ауқымды көше туын­дысы көшпенділердің өмір сү­ру салтының алтын ережесі мен бұл­жымас қағидасын тарихта алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жи­ынтығымен жүйелеп кеткен билеуші туралы фильм­нің прокатқа шығуына орай салынып отыр. XV-XVI ғасырда мемлекет іргесін қалыптастыру жолында Қазақ елінің еркіндігі мен тә­уелсіздігі үшін күрес жүргізген Қа­сым ханның тарихтағы орнын бейнелеген Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі 12 мамырдан бастап барлық кинотеатрда көрсетіле бастады.

Муралды жас суретшілер Карина Әзімжанова және Ғафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 баллон бояу кеткен.

 

АЛМАТЫ