• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Мамыр, 2022

Жаңа бапкер жарылқай ала ма?

268 рет
көрсетілді

Өткен аптада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шешім қабылдап, ресейлік маман Магомед Адиевті Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп тағайындады.

Елордадағы Футбол үйінде өткен жиында ҚФФ президенті қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесіп, ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Әді­лет Бәрменқұлов Магомед Мусае­вичтің ұлттық құраманың бас бап­кері лауазымына тағайын­да­луына байланысты пікір білдірді.

«Халықаралық күнтізбенің ерекшелігін жақсы білесіздер. Он бір күнде төрт матч өткізу қи­ын болады. Біз жеткілікті түр­де күйзеліске, яғни стрестік жағ­дайға түсетініміз анық. Сон­дық­тан неге мұндай ше­шім қабыл­дағанымызды тү­сіндіргім келеді. Қазір бізге жат­тықтырушылықтан бө­лек, басқарушылық құзырет те өте маңызды болып тұр. Мен бұл қиын жағдайдан абыроймен шығу керек екенін түсінемін. Адиевтің алдындағы бірінші мін­дет – футбол ойнауға қолайлы жағдай жасау. Таңдау неге дәл Магомед Мусаевичке түсті деген сұраққа жауап берер болсам, бізде Адиевтен бөлек, тағы бірнеше кандидат төбе көрсетті. Олардың ішінде ресейлік ЦСКА клубының бапкерлер құрамындағы отандасымыз Григорий Бабаян да бар болатын. Онымен де сөйлесіп көрдік. Бірақ жасыратыны жоқ, мен кейінгі екі жылда Магомед Мусаевичпен бірге жұмыс істе­дім, оның басқарушылық құзы­ретке ие екенін жақсы білемін. Тағы да қайталап айтамын, қазір­гі стрестік жағдайда дәл осы таң­дауды жасау керек болды», деді Бәрменқұлов.

44 жастағы Магомед Адиев ұлттық құрама тізгінін ұста­ғанға дейін Қарағандының «Шахтерін» баптаған еді. Ал Федерация басшысы ҚФФ президенттігіне сай­ланғанға дейін «Шахтер» клубында директорлар кеңесінің төр­ағасы болған. Ал Адиев былтырдан бері «кеншілер» клубын жат­тықтырып келді. Сондықтан екеуі жақсы таныс. Оның үстіне, Ма­гомедтің Қарағанды клубында жұмыс істеуіне Әділет Бәр­менқұловтың тікелей қатысы бар екенін ұмытпауымыз қажет.

Сондай-ақ Федерация басшысы жиын барысында нау­рыз айында ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарған Андрей Карповичке жұмысы үшін алғысын білдіріп, ҚФФ оның кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті. Ал өз кезегінде Ма­гомед Адиев ұлттық құрама жан­­күйерлерге қандай футбол ұсы­натыны туралы ойын ортаға салды.

«Алдымен Қазақстан футбол федерациясына сенім арт­­қаны үшін алғыс айтқым келеді. Жауапкершілігі мол, қыруар жұмыс күтіп тұрғанын жақсы тү­сінемін. Қысқа мер­зім ішінде бірнеше ойын өт­кіземіз. Сол себепті барлық ойынға кешенді дайын­дық жүр­­­гізу керек. Мәселен, Әзер­байжанға дайындалып, Сло­вакияны да ұмытпаған абзал. Сондықтан нақты құрылымды анықтап, төрт ойынға тиянақты дайындық жүргіземіз. Уақыт аз. Ойыншыларды алмастырып отыруға тура келеді. Он бір күн­нің ішінде төрт матч өтеді. Бап­керлермен сөйлесіп, ақыл-кеңес алып, барлық мә­селені талқылап отырамыз. Жа­ңа тәжірибенің жақсы жа­ңалық екенін де айта кеткен жөн. Федерация тарапынан ма­ған қандай міндеттер айтылды? Ең бастысы – құрамаға тек дайы­н жігіттерді ғана ша­қы­рып қоймай, жас футболшы­лар­ды да тартып, оларды ересек­тер ойынына бейімдеу. Со­дан кейін команданың ішінде дұрыс қарым-қатынас орнату. Болашақтың негізін бүгіннен бас­­тау шарт. Ко­манданың қата­рына жаңа ойыншылар ша­қырылуы ықтимал. Қысқа мер­зім ішінде қаралатын бірнеше үміт­кер бар. Содан соң оларды ша­қыру туралы шешім қабыл­дай­мыз», деді Магомед Му­саевич.

Осы орайда оқырмандардың «Магомед Адиев кім? ұлттық құра­маға жетекшілік ететіндей қандай жетістігі бар?» деген сұ­­рақ­тарына аз-кем жауап бе­ріп көрейік. 1978 жылы Че­шенстан астанасы – Грозныйда дүниеге келген Магомед Адиев 16 жасында алғаш рет «Ингушетия» клубымен кәсі­би келісімшарт жасасып, үлкен футболға қадам бас­ты. Кейіннен Ресейдің төменгі лигаларында өнер көрсететін «Анжи», «Спартак-2», «Сокол», «Терек», «Ниж­ний Новгород» және Украинаның «Кривбасс» клубтарында доп тепті. Тіпті ол 2003 жылы елордалық «Жеңіс» са­пында да бір жыл ойнап, 11 ойында 5 гол соқты. Футболшы карьерасында айтарлықтай же­тістікке қол жеткізе алмаған М.Адиев 2009 жылы футболшы ре­тінде кәсібін доғарып, бап­керлік жұмысқа бет бұрды.

Ойыншы ретінде биік белес­терді бағындыра алмаған фут­болшылардың бапкерлік өнерде бағы жанып жататын жайттарды жиі кездестіреміз. Бірақ 2010 жылдан бастап бапкерлікке бет бұрған Адиевке әзірге мұн­дай бақ қона қойған жоқ. Ресей­дің «Нижний Новгород», «Вол­га», «Анжи», «Ахмат» секілді клуб­тарында қызмет еткен ол былтыр Қарағандының «Шах­тер» клубының тізгінін ұстап, «кен­шілер» командасын бір жылдың ішінде жоғары орындарға же­теледі. Яғни Конференция ли­га­сының плей-офф кезеңіне дейін алып шықты. Енді Ұлттар лигасында өнер көрсететін Қа­­зақ­стан ұлттық құрамасын қан­дай биіктерге жеткізе алар екен?