• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Мамыр, 2022

«Министр кубогы» сарапқа салынады

455 рет
көрсетілді

22-24 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылған Мәдениет және спорт министрі кубогының жартылай финалы мен финал бәсекелері өтеді.

А тобының жеңімпазы мен С тобының үздігі, ал В тобының мық­тысы мен D тобының жеңім­пазы финалға берілер жолдама үшін таласпақ. Олар: К.Ахме­тов атындағы олимпиада ре­зервінің республикалық маман­дандырылған мектеп-интернат-колледжі (Ал­маты) – Жалаңтөс Баһадүр атын­дағы олимпиада ре­зервінің респуб­ликалық маман­дандырылған мектеп-интернат-колледжі (Қызыл­­орда обл); Қ.Мұ­ңайтпасұлы атын­­­дағы олимпиа­да ре­зер­­­вінің респуб­ликалық маман­дан­дырылған мек­теп-ин­тер­нат-колледжі (Нұр-Сұлтан) – Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернаты (Қарағанды обл).

Аталған оқу орындарының 2006-2007 жылы дүниеге келген шәкірттері бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрестен шеберлік байқасады. Мамырдың басында өткен топтық кезеңге барлығы 17 команда қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе мен Тараз қалаларында үздікті анықтады.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрінің кубогы биыл алғаш рет өтіп жатыр. Министр кубогының жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге. 1-орын алған командаға – 5 млн, 2-орынға – 3 млн, 3 орынға 2 млн теңге беріледі.

Бұдан бөлек, төрешілер бокс­тан – «Үздік техникасы үшін», еркін күрестен – «Жеңіске деген ерік-жігері үшін», дзюдодан – «Үздік әдіс үшін», грек-рим кү­ресінен «Көрермендердің көз­айымы үшін» аталымдарында жеңімпазды анықтайды.

Балалар жылы аясында ұйым­дастырылып жатқан кешенді бәсеке балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға бағытталған. Министр кубогының бүгінгі қатысушылары ертеңгі ел спортының ту ұстаушылары болулары әбден мүмкін.