• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2022

GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

251 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «GAP» (Global Asar Project) тұтыну кооперативіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоға сілтеме жасап. 

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 217-бабы 1-бөлігі «Қаржы пирамидасын құру және басқару ісі» негізінде басталған.

Агенттік ұсынған мәліметке қарағанда, қаржы пирамидасы БҚО-да 2021 жылы құрылған. Бір қатысушылардың жарнасы есебінен екіншілері пайдаға кенеліп, 14 адамға 15 млн жуық залал келтірілген.