• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Мамыр, 2022

Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды

340 рет
көрсетілді

Бүгін, 21 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» елордамыздың жасөспірімдері арасында жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Марафонға Нұр-Сұлтан қаласының 300-ге жуық жасөспірімдері мен жастары қатысты. Ұлдар арасында 3 шақырым, ал қыздар арасында 2 шақырым қашықытыққа жүгіруден жарыс өткізілді. Жүзден жүйрік келген жеңімпаздар Жас Сарбаз қозғалысының арнайы атрибутикалары мен алғыс хаттары және төсбелгілермен марапатталды.

Аталған шараға Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қамбаров Қайрат Тельманұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Мендыгалиев Мейрбек Оразұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

«Бүгінгі жастар ертеңгі ел болашағы демекші, жастарды спортқа баулу, олардың денсаулығы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру-біздің басты мақсатымыз. Шынықсаң шымыр боласың дейді, жастарымыздың шымыр болуы жарқын болашақтың кепілі. Біз «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелрі басқармасының қолдауымен бірқатар іс-шарларды жоғарғы деңгейде атап өттік, айта кететін болсам, 3 күндік дала жиыны, футбол,волейбол, дойбы спорт түрлерінен сайыстар және де халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен, Елтаңбамызыдң авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесулер өткен болатын. Алдағы жоспарда да көптеген іс-шаралар тұр.

Сол іс-шараларды жоғары деңгейде атап өту үшін барша Нұр-Сұлтан қаласының Жас сарбаздарын бірге атқаруға шақырамын», деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Аяна Тоғанбек