• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Мамыр, 2022

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды

918 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта нокдаунға түскен Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар