• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2022

Жеңілдетілген автонесие: 34 қазақстандық көлік алды

461 рет
көрсетілді

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы 34 қазақстандық көлік сатып алды. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл бағдарламаның негізгі операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры». Бұған дейін оператор Қазақстан даму банкі болған еді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында револьверлік тетік арқылы 100 млрд теңге бөлінді. Яғни, егер азаматтарымыз бірінші кезекте сатылымға шығарылған автомобильді алып үлгермесе, онда олар жеке тұлғалардан қаражат түскеннен кейін қайтадан бірден жүгіне алады. 2-3 ай өткен соң жеңілдікпен автонесие алуға мүмкіндік болады», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бағдарлама аясында 10 мыңнан астам азамат көлік алады. Қазіргі уақытта өтінімді «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк», «Халық банк» арқылы беруге болады. Бүгіннен бастап бұл тізімге «Forte Bank» қосылады.

«Бағдарлама басталған сәттен бері 14 507 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 млрд теңге мақұлданды. 34 көлік сатып алынды: Нұр-Сұлтан – 11, Алматы – 4, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4, Шымкент – 6 автомобиль», деді Жанар Ибрашева.