• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2022

Қарағандыда 40 миллион теңгені қолды қылған алаяқтар ұсталды

275 рет
көрсетілді

ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек көп жағдайда алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырып, адамдардың ақшасын қолды қылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қарағандыда азаматтарды 40 млн теңгеге алдап кеткен интернет-алаяқтар ұсталды. Қаскөйлер азаматтардың абоненттік нөміріне қоңырау шалып, өздерін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырған. Адамдарды алдап, жеке қаражатын резервтік шотқа аударуға көндірген. Осындай алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз», деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сондай-ақ министрлік өкілі елдегі криминогендік жағдайға тоқталып өтті.

«Өткен апта ішінде 3 299 қылмыс жасалды, оның 1998-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 49 тонау және 531 бөтен мүлікті ұрлау қылмысының бетін ашты», дейді ол.