• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 25 Мамыр, 2022

Алакөл түбінен 90 келі темір шықты

707 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сүңгуірлер тазартудың бірінші күнінде 90 келі темір шығарып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданындағы Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары басталды. Көлдің түбін толық тексеру үшін құтқарушыларға үш күн қажет.

«Сүңгуірлер 207 демалыс базасын, оның ішінде «Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінің бойындағы 4,1 шақырым жағалаудың түбін тазартады. Мұндай шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы басталар алдында жүргізіледі. Соның барысында құтқарушылар азаматтарға қауіп төндіретін заттарды жиі тауып жатады», делінген хабарламада.

Жұмыстың бірінші күнінде барлығы 90 келі темір, 2 балық аулау торы мен 10 шыны бөтелке шығарылды. Сүңгуірлер 1,5 шақырым жағалауды қамтып үлгерді.