• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Мамыр, 2022

Венгрияда төтенше жағдай жарияланды

320 рет
көрсетілді

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Facebook әлеуметтік желісінде Украинадағы жағдай аясында елде төтенше жағдай енгізілгені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орбан әлем экономикалық дағдарыстың алдында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ Украинадағы қақтығыс Венгрияның энергетикалық және қаржылық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтты.

Премьер-министр Венгрия үкіметі конституцияға сәйкес 2022 жылдың 25 мамырынан бастап төтенше жағдай жариялау құқығын пайдаланып жатқанын мәлімдеді.

Виктор Орбан төтенше жағдай кезінде қабылданған алғашқы шешімдерді ертең жариялайтынын айтты.

Венгрияда үкімет бұған дейін заңсыз көші-қонмен және COVID-19-бен күрес аясында төтенше жағдай жариялаған болатын.