• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 27 Мамыр, 2022

247 сайлау учаскесі жұмысын бастайды

234 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен елордада қалалық клиникалар басшылары мен бейінді басқарма басшылығының қатысуымен маңызды мәжіліс өтті. Жиынның басты тақырыбы – алдағы республикалық референдум. Іс-шара барысында қалалық клиникалар директорларымен бірге еліміздің басты құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның рөлі талқыланды.

Елордалық қоғамдық ден­сау­лық сақтау басқар­ма­сы­ның басшысы Тимур Мұратов Кон­ст­итуциялық реформаның негізгі ба­ғыт­тарына тоқталды.

«Бұл шын мәнінде жаңа Қа­­­зақ­станның қалып­та­суын­да­­­­ғы бас­ты саяси оқиға. Мем­­­­­лекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың референдум­ өткізу туралы шешімі ел­дің саяси­ өмірінде ғана емес, қо­ғам­­дық өмірінде де ма­ңыз­ды. Ре­фе­рендум біздің аза­мат­тық ұстанымымызды ны­ғай­ту­ға мүмкіндік береді және елдегі қоғамдық-саяси жағ­дайға жағымды әсер етеді. Ме­дициналық қоғамдастықты алдағы саяси өзгерістер мәселе­сін­де шетте қалмауға шақырамын», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конс­ти­туцияға түзе­ту­лер бо­йынша референдум өтеді. Оны өткі­зу кезеңінде барлық сайлау учас­келері құрамында медицина қыз­мет­­керлері бар меди­­циналық пунк­тер­мен жарақ­тан­дырылатын болады. Осы күні қала бойынша барлығы 247 ашық учаске жұмысын бастайды. Мәжі­ліс­те конституциялық реформаларды талқылаудан басқа, денсаулық сақтау жүйе­сіндегі ағымдағы мәсе­лелерді талқы­лан­ды, қала­ның медициналық ұйым­дарының, соның ішінде жекеменшік ұйымдардың жұ­мы­сы­ның негізгі бағыт­та­рына тоқ­тал­ды. COVID-19-ға қарсы вак­­цина­лау мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін Денсаулық сақтау минис­тр­лігі коронавирустың жаңа штам­да­ры­ның айналымы туралы айтқан болатын.

Денсаулық сақтау басқар­ма­­сының басшысы қала тұр­ғын­дарын вакциналауға және ден­сау­лығына жауап­кер­ші­лік­пен қа­рау­ға шақырады. Бүгінгі күні қала бо­йын­ша 500 мыңға жуық тұрғын иммун­дау­дың то­лық курсынан өтті, шамамен 128 мың адам қайта вакцина алды.