• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Мамыр, 2022

Мал шаруашылығындағы маңызды қадам

497 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін жалпы өнімнің 45 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Сол себепті оған ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін биыл фермерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары да қомақты болмақ.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің ресми мәліметіне сүйен­сек, осы жылы мал шаруашылы­ғын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр. Былтыр асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға өңірлер 108,1 млрд тең­ге жұмсады. Республикалық бюд­жеттен қосымша 13,6 млрд тең­ге бөлінді. Осылайша, мал шаруа­шылығын дамытуға 121,7 млрд теңге бағытталды. 35 мың агро­өнеркәсіп субъектісі оның игілігін көрді. Субъектілердің 70 пайыз­дан астамы шағын және орта шаруа­шылықтар.

Бұл ретте субсидиялардың жалпы көлемінен 59,1 млрд теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамы­туға бағытталған. Оның ішін­де тауарлы және асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 17,2 млрд тең­ге, отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға – 15,9 млрд теңге, шетелдік асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға 8,8 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ бұқашық­тарды күтіп-бағуға – 1,8 млрд теңге, қойдың тауарлық және асыл тұқымды аналық басымен селек­циялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 10,7 млрд теңге, асыл тұқымды қой сатып алуға – 2,3 млрд теңге, асыл тұқымды жылқылар мен түйелерді сатып алуға 61,7 млн теңге бөлінген. Ірі қара мал мен қойды қолдан ұрық­тандыру қызметтері үшін 430,9 млн теңге, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге – 1,6 млрд теңге, бал ара ұяларымен селекциялық және асыл тұқым­дық жұмыс жүргізуге 263 млн теңге жұмсалған.

«Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға ­62,6 млрд теңге бағытталды. Оның ішін­де сүт өндірісіне – 18,9 млрд тең­ге, құс етін өндіруге – 17 млрд теңге, бордақылау алаңдары мен ет комбинаттарына сатылған бұқашықтарға – 4,9 млрд теңге, жұмыртқа өндірісіне – 3,9 млрд теңге, қымыз және шұбат өндірісіне – 534,3 млн теңге, бордақылау алаң­дарына және ет комбинаттарына сатылған қошқарларға 227,7 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының ана­лық мал басына азық құнын арзан­дату үшін 17,6 млрд теңге жұм­салды», деп хабарлады ве­домство.

Биыл облыс әкімдіктері асыл тұқымды мал шаруашылығын да­мытуды, мал шаруашылығы өні­мінің өнімділігі мен сапасын арт­тыруды субсидиялауға 100,1 млрд теңге бөлді. Сонымен қа­тар республикалық бюджет комис­сиясының шешімімен мал шаруа­шылығын субсидиялауға 24,5 млрд теңге сомасында қосымша қа­ра­жат бөлу туралы тапсырыс мақұл­данды.

Асыл тұқымды мал шаруа­шы­лығын дамытуға субсидиялар­дың жалпы көлемінен 68,2 млрд теңге бағытталды. Мал шаруашылы­ғы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 млрд теңге бө­лінді. Мемлекеттік қолдау шара­лары­мен 35 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілер қамтылады.

Айта кету керек, былтыр жазда ауыл шаруашылығы жануар­ларының аналық басын сақтау мақсатында жемшөп сатып алу құнын арзандатуға Үкімет ре­зер­вінен Маңғыстау облысына 1,2 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінген болатын. Қосымша Маңғыстау облысына Үкімет резервінен 663,8 млн теңге қарастырылды.

Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде былтыр 2020 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдарда ірі қара малдың саны 8,1 пайызға артып, 3 904,2 мың басты құрады, қой 8,3 пайызға көбейіп, 9 187,1 мың басқа жетті, жылқы 14,9 пайызға өсіп, 1 949,7 мың басты құрады. Түйе 8,8 пайызға (121,6 мың басқа), шошқа 4,2 пайызға (341,1 мың басқа), құстар 13,7 пайызға (35,8 млн басқа) көбейген.

Министрліктің мәліметінше, союға арналған салмақтағы ет өндірісі 9,4 пайызға артып, 618,7 мың тоннаны, сүт өндірісі 6,3 па­йызға өсіп, 1 799,8 мың тоннаны құ­раған. Бұл ретте тағамдық жұ­мыртқа өндірісі 6,2 пайызға төмен­деп, 3 562,5 млн дананы құрағанын атап өткен жөн.

Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелу есебінен бүгінде асыл тұқымды мал басының үлесі едәуір артып, жалпы ірі қара мал басының 13 пайызына тең болды.

Сондай-ақ мемлекеттік қол­дау шаралары есебінен 53 инвести­ция­лық жоба іске асырылды. Оның ішінде 35 тауарлы-сүт фермасы және 7 құс фабрикасы бар. Осы жылы 62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы, биыл агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жалпы көлемі 449 млрд теңгені құрап отыр. Бұл 2021 жылғы деңгейден 20 па­йызға артық. Қаражат мал шаруа­шылығын, өсімдік шаруа­шылығын субсидиялауға, инвести­циялық субсидиялауға және кре­­диттер мен лизинг бойынша сый­ақы мөлшерлемелерін суб­­си­­диялауға, ғылыми зерт­теу­­лер­ді қаржыландыруға, фито­сани­тариялық және ветеринариялық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге бағыт­талады.