• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Мамыр, 2022

Алғашқы жеңімпаз анықталды

185 рет
көрсетілді

Италияның «Рома» клубы былтыр жазда тұсауы кесілген футболдан Конференция лигасының алғашқы жеңімпазы атанды. Римдіктер финалда Нидерландтың «Фейеноорд» клубынан 1:0 есебімен басым түсті.

Албанияның бас шаһары – Тира­надағы «Эйр Албания» стадионында ұйым­дастырылған кездесуде матч тағ­дырын Николо Дзаньолоның жалғыз голы шешіп кетті. Осылайша, Римнің «Рома» клубы Еурокубок тарихындағы жаңа тур­нирдің алғашқы жеңімпазы атанды. Бұл – «Романың» 1961 жылғы «Жәрмеңке кубогынан» (қазіргі Еуропа лигасы – ред.) кейін жеңіп алған алғашқы ірі жетістігі. Ал «Фейеноорд» өз тарихында бір рет Еуропа чемпиондар кубогы (қазіргі Чемпиондар лигасы – ред.) мен екі рет УЕФА кубогында (Еуропа лигасы) топ жарған.

Конференция лигасының алғашқы мау­сымында Қазақстанның «Қайрат» клубы топтық кезеңге дейін жетіп, бірде-бір ойында жеңіске жете алмай, өз квартетінде соңғы орында қалып қойған болатын.