• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Мамыр, 2022

«Сағадат саябағына» қойылған гүл шоқтары

457 рет
көрсетілді

Қарулы Күштерде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шаралары өтті.

Аты аңызға айналған қолбас­шының туған жері Ақкөл қала­сында өткен еске алу іс-шарасына Қа­рулы Күштердің ардагері Халық қаһарманы, отс­тав­­кадағы генерал-лей­тенант Бақытжан Ер­таев, Бас штаб бас­ты­ғының орынбасары – Тәрбие және идео­ло­гия­лық жұмыстар де­партаментінің басшы­сы, генерал-майор Се­рік Борам­баев, аудан әкі­мі Юрий Курушин, сон­дай-ақ батырдың не­ме­ресі – за­пастағы под­пол­­ковник Кел­ден Нұр­мағамбетов қатысты. Қа­зақ­тың даңқты қол­бас­шысын еске алуға Қа­­рулы Күштердің әс­кери қызметшілері мен ар­дагерлері, әскери кол­­­ледж­дің, «Жас сарбаз» рес­публикалық әс­ке­ри-патриот­тық қоз­ға­лы­сының, маман­­дан­­ды­рылған сыныптардың тәрбие­ле­нушілері, қоғам мен жергілікті ат­қарушы органдардың өкілдері кел­­ді.

– Сағадат Қожахмет­ұлы Нұр­мағамбетов Ота­нын сүйген, өз ісінің нағыз маманы, әскери борышқа адал тұлғаның үлгісі ретінде жадымыз­да мәңгі сақталады. Ол Қа­зақстанның тәуел­сіздігі мен қауіпсіздігінің ке­пілі – Қарулы Күш­тер­дің қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Ар­мия генералы Сағадат Нұр­мағамбетовтің есімі тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды, – деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Іс-шара соңында Ақ­көл қала­сындағы алаң­да Қарулы Күштер­дің Ұлтт­ық әскери-патриот­тық ор­та­лығы Орталық әскери ор­кес­трінің кон­церті өтті.

Батырдың ескерткіш­теріне гүл шоқтарын қою бірқатар гарнизон­да, оның ішінде Алма­ты­дағы Құр­лық әскер­лерінің әс­ке­ри инс­ти­ту­тын­да, аста­на­дағы әске­ри кол­леджде, сон­дай-ақ Гвар­дейск гар­ни­­зо­нын­дағы «Сағадат сая­ба­ғын­да» өтті.