• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Мамыр, 2022

Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты

197 рет
көрсетілді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында полицияның есірткі саудасымен күрес операциясы барысында 21 адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Вила-Крузейро шағын ауданында болған. Қаланың ең ірі қылмыстық тобы құқық қорғау органдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан 11 қылмыскердің көзі жойылып, 41 жастағы әйелге кездейсоқ оқ тиген, қалған 9 мәйіт танылған жоқ.

Операция барысында жергілікті есірткі саудагерлері пайдаланған 11 мылтық, төрт тапанша мен граната, сондай-ақ ірі көлемдегі есірткі заттары, 10 автокөлік пен 20 мотоцикл тәркіленді.

Салтанат Кенжебай