• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Мамыр, 2022

Доллар 10 теңгеге қымбаттады

606 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 433, 30 теңге.

Ұлттық банктің 27 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 422, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 432,77 теңге, сатып алу – 438,66 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 435,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 439 теңге. Айта кетейік, АҚШ ақшасы екі күн қатарынан қымбаттап жатыр.